Фото: ашық дереккөзден алынды

8 наурыз әйелдер мерекесіне орай гүлдің бағасы бірден шарықтап шыға келеді. Әсіресе раушан, қызғалдақтарға сұраныс көп.

Мәселен, кеше ғана 500 теңгеден сатылып жатқан бір тал раушан мереке қарсаңында үш есеге қымбат болады. Соған қарамастан тұрғындар жаппай гүл сататын жерлерді жағалап жүретіні сөзсіз.

Негізі қызғалдақтың отаны – Голландия деп жатады. Ал Қазақстанға гүлдер Голландиядан бөлек Эквадор, Кения, Колумбия елдерінен әкелінеді. Ал Америка мен Африкадан әкелінетін гүлдер, алдымен Нидерландыға келіп, кейін дүниежүзіне таратылатын көрінеді.

Мереке қарсаңында раушангүл мен қызғалдақтарға сұраныс екі есе өседі. Ішкі нарықтың қажеттілігінің жартысын импорттан келген өнімдер қанағаттандырып отыр. Ал қалған бөлігі отандық өнімнің үлесінде. Отандық үлестің 30 пайызы ішкі сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған – Алматы мен Шымкент қалаларындағы 5 ірі жылыжайдың еншісінде. Қалған 20 пайыз өнім – ішкі нарықта ұсақ партиялармен жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің үлесінде. Гүлдердің отандық гүл өніміне қосқан үлесі 30%-ды ғана құрап отыр, демек қалған бөлігі сырттан тасымалданады. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, шамамен Қазақстанға 160 миллион доллардың гүлдері жеткізіледі. Осы тұрғыда бағаны тұрақтандыруда, бәсекелестікті басқаруда өзіміздегі жылыжайлардың көп болғаны керек-ақ.

Иә, гүлдер кімге болсын қуаныш сыйлайды. Тіпті, ол бір сәттік сезім болса да, әйел адамның көңіліне ерекше әсер етеді. Ең бастысы – көңіл. Осындай күні әрбір қыз-келіншек өзін бақытты сезінері сөзсіз. Осыдан-ақ гүлдің қандай бағалы сыйлық боларын сезінуге болады.

Ақерке КЕНЖЕБЕК,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!