Канадада миллионер өз ауданындағы үйсіздер санын азайту үшін тұрғындарға 99 шағын баспана салып берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото әлеуметтік желіден алынған
Канадалық кәсіпкер өз компаниясын сатып, өз табысын мұқтаж адамдар үшін шағын үйлер қауымдастығын құруға жұмсаған.
Фредериктондағы (Нью-Брансуик) оның фабрикасы қазір қаланың баспанасыз тұрғындарына екінші мүмкіндік беру үшін 99 үйден тұратын “12 Neighbours” деп аталатын елді мекен құруға кірісіп кеткен.
12 Neighbors негізін қалаушы Марсель ЛеБрунның әлеуметтік медиа мониторингпен айналысатын табысты компаниясы болған.
Ол 99 үй жобасына өз қаржысынан 4 миллион доллар құйып, қазір жобаның төрттен үш бөлігін аяқтады. Провинциялық және ұлттық үкіметтердің гранттары мен қолдауы арқылы 12 Neighbors қауымдастығы жалпы сомасы 12 миллион доллар қаражат алған.
Кішкентай үйлерде барлығы бар: ас үй, қонақ бөлме және жатын бөлме және жуынатын бөлмесі. Олардың әрқайсысында шағын террассалар, төбелерінде күн батареялары және эстетикалық жағымды бояулары бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!