Нутрицолог Жанна Антонюк асқабақтың жүрек саулығына пайдалы екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Известия» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маман асқабақтың құрамында А, С, Е, К және В дәрумендері мен магний, темір, калий сияқты минералдар барын айтты. Бұл өнімдер қан қысымын реттеп, жүрек саулығын сақтауға көмектесетінін түсіндірді.
Антонюк асқабақтың құрамында ас қорытуды жақсартатын және іш қатудың алдын алатын талшық бар екенін жеткізді.
“Асқабақ антиоксиданттық қасиеттерге ие және калориясы аз. Дегенмен асқабақ гастрит немесе асқазан жарасы асқынған және оған аллергиясы бар адамдарға ұсынылмайды. Қант диабетімен ауыратын болсаңыз, қандағы қант деңгейінің кенеттен өсуіне жол бермеу үшін асқабақ мөлшерін бақылау маңызды», – дейді маман.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!