Күн сайын дерлік бүкіл әлем бойынша мыңдаған адам тұрақты тұрғылықты жерін ауыстырады, яғни олар жұмысқа орналасу, белгілі бір университетте оқу, кәсіппен айналысу, отбасының жанында болу және т.б. үшін көшеді.

Иммиграцияның көптеген себебі бар. Кейбіреулер әскери қақтығыстар мен саяси қуғын-сүргіннен қашады, екіншісі қаржылық жағдайын жақсартуға ұмтылады, үшіншісі жай ғана жылы, шуақты және жайлы жерде ұзақ уақыт болсақ дейді. Бұл қай елде өмір сүрген жақсы деген сұрақ туғызады.

Кейбір беделді басылымдардың рейтингі бойынша әлемде өмір сүруге ең жақсы қалалар Германия, Канада, Аустралия, Швейцария мен Жаңа Зеландия сияқты елдерде орналасқан. Жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейін ескере отырып, әлемдегі ең бай елдер Катар, Люксембург және Сингапур да осы санатқа қосылады.

2021 жылғы әлемдегі ең бай мемлекеттер: Қазақстан нешінші орында?

Әрине, адам үшін мінсіз жер жоқ. Бағытты таңдағанда, талғамға, өмір сүру ұзақтығы, медицина, білім, климат, экология, баға, инфрақұрылым, еңбек нарығы, заңнама және т.б. осы сияқты көптеген объективті факторларды ескеру керек.

БҰҰ-ның ресми есептері мен жекелеген агенттіктердің зерттеулеріне сүйене отырып, Массагет порталы 2021 жылдың өмір сүруге жайлы үздік 5 елін ұсынады.

Өмір сүруге жайлы үздік 5 ел
Норвегия

Кейінгі онжылдықта Норвегия әлемдегі өмір сүруге ең жақсы елдерді сипаттайтын әр түрлі рейтингтің көш басында келеді. Бұл солтүстік мемлекет табиғи ресурстарға, оның ішінде мұнай мен газға бай. Норвегиялық университеттер жоғары сапалы және ақысыз жоғары білім береді, оның ішінде шетелдіктерге де. Сонымен қатар, елде таңғажайып әсем табиғат, сапалы дәрі-дәрмек бар. Жан басына шаққанда орташа  жалақысы айына 4,5 мың еуродан асады. Ал норвегиялық азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 82 жас.
Өмір сүруге жайлы үздік 5 ел

Аустралия

Өмір сүруге ең қолайлы елдер тек Еуропа құрлығында ғана емес. Аустралия – жас талантты мамандар мен қарттар үшін өте танымал иммиграция орны. Мемлекетте таңғажайып алуан түрлі флора мен фауна бар. Климаты жайлы, жағажайы демалуға және су спортымен айналысуға мүмкіндік береді. Экономикасы дамыған Аустралияда табысы жоғары, орташа жалақы айына  3000-4000 долларды құрайды.

Өмір сүруге жайлы үздік 5 ел

Швейцария

Швейцарияда өмір сүру қаржылық жағынан өте қымбат болса да, бұл ел Женевада, Цюрихте және басқа да көптеген қалаларда бизнес ашуға немесе жұмыс іздеуге ұмтылатын көптеген шетелдік кәсіпкерлер мен еңбек мигранттарын тартады. Ең әдемі таулар, таза көлдер, сапалы сағаттар мен керемет дәмді швейцариялық шоколад бүкіл әлемге белгілі. Мемлекеттің инфрақұрылымы идеал деңгейде және медицинасы өте жақсы дамыған. Швецарияда неміс, итальян, француз тілдері кеңінен таралған. Бұл елде орташа өмір сүру ұзақтығы – 83 жас.

Өмір сүруге жайлы үздік 5 ел

Германия

Германия өмір сүруге және жұмыс істеуге таптырмас жер. Елдегі жұмыссыздық 4-5%-дан аспайды, инфляция минимал, дәрі-дәрмектің сапасы әлемдегі ең үздіктердің бірі, қоғамдық көлік сағат сияқты жұмыс істейді, көп жағдайда жоғары білім ақысыз. Оның үстіне Германияның белсенді мәдени және спорттық өмірі бар. Мысалы футбол стадиондарынан орын таба алмайсыз, ал көптеген қалаларда фестивальдар, көрмелер мен концерттердің барлық түрі үнемі өткізіліп тұрады.

Өмір сүруге жайлы үздік 5 ел

Дания

2021 жылы өмір сүруге қолайлы елдер рейтингін Дания Корольдігі қорытындылайды. Елде әдемі сәулет, заманауи нарықтық экономика, жоғары әлеуметтік стандарттар, сапалы денсаулық сақтау жүйесі және қылмыс деңгейі төмен. Данияда жалақы орташа есеппен айына 5 мың еуродан асады. Даниялық компаниялардың қызметкерлері, әдетте, еңбек жағдайына қанағаттанған және жалпы алғанда, Дания азаматтары әлемдегі ең бақытты адамдардың бірі болып саналады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!