Балалар кітабы – тәрбие құралы. Сондықтан әрбір оқулықтың ерекше дизайнда болуының және онда цифрлық иллюстрациялардың көптеп кездесуінің маңызы зор. Әсіресе, спортсүйер жастарды қалыптастыруда осындай қадамдарға бару қажет.
Мәселен, қазақтың жанына жақын күресті алайықшы. Оны «ұлттық бренд» деп айтуға болады.Ол Сыр өңірінде, Жамбыл, Алматы облысында, оңтүстік пен батыста жақсы дамыған.1938 жылдан бері республикалық жарыстардың қатарына кірді. Бүгінде оны дамытуға, елімізде ғана емес, әлем аренасына шығаруға күш салынуда.Қазақ күресін жапондардың дзюдосы, ресейліктердің самбосы, корейліктердің тхэквондосы сынды халықаралық деңгейге көтеру күн тәртібінде.
Ұлттық күрес мектеп бағдарламасындағы дене шынықтыру пәнінің вариативті бөлігіне де енгізілді. Алдағы уақытта да төл спортымызды төрткүл дүниеге танымал ету үшін теориялық кітаптар, әдістемелік жинақтарды шығару ісі жүйелі қолға алынуы қажет. Сол жинақтарда, кітап беттерінде толыққанды мәліметтермен қатар жоғарыда айтқан иллюстрация болуы тиіс деп есептеймін. Себебі олар материалды барынша түсінуге ықпал етеді. Оқушының қай сабақтан болмасын озат оқыса да, рухын оятатын, патриоттық сезімге баулитын, мінезін шыңдайтын қазақ күресі сынды спорт түрімен айналысуына жол ашады.
София ТЕМІРБОЛАТ,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
университетінің студенті
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!