фото: today.kz, ktk.kz
1991 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақ КСР ғарыш зерттеулері агенттігі құрылды. 1991 жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1993 жылдың 25 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігі (қазіргі Қазғарыш) құрылды.
Тоқтар Әубәкіров – 1991 жыл, ғарышта өткізген уақыты – 7 күн 22 сағат 13 минут. Талғат Мұсабаев – 1994, 1998, 2001 жылдар, ғарышта өткізген уақыты – 341 тәулік 9 сағат 40 минут. Ерекшелігі: ашық ғарышқа бес рет шықты (жалпы ұзақтығы – 30 сағат 8 минут). Айдын Айымбетов – 2015 жыл, ғарышта өткізген уақыты – 9 күн 20 сағат 13 минут. Ерекшелігі: сапар құны – 50 млн доллардың орнына 20 млн доллар.
Байқоңыр туралы мәлімет
- 1955 жылдың 2 маусымы – «Байқоңыр» ғарыш айлағының ресми туған күні;
- 1955 жыл – құрылыстың басталуы;
- 1957 жылдың 5 мамыры – полигонның алғашқы кешенінің құрылысы аяқталды;
- 1957 жылдың 6 мамыры – полигонда алғашқы Р-7 зымыраны орнатылды;
- 1957 жылдың 5 тамызы – америкалық барлау қызметі Lokheed U-2 барлаушы ұшағының көмегімен «Байқоңыр» полигон алаңының орналасқан жерін анықтады;
- 1957 жылдың 4 қазаны – ғарыш дәуірінің бастауы – әлемдегі бірінші жасанды Жер серігінің ұшырылуы;
- 1961 жылдың 12 сәуірі – ғарышқа адам (Юрий Гагарин) ұшты;
- Жалпы алғанда, жалпы ғасырлық тарихы бар ғарыш айлағынан 2500-ге жуық зымыран, 3 мыңнан астам ғарыш аппараты жіберіліп, 130-дан астам ғарышкер ұшты;
- Байқоңыр Қызылорда облысындағы Төретам ауылының қасында орналасқан;
- Ғарыш айлағының аумағы – 6717 шаршы шақырым;
- Байқоңырда 68,5 мың адам тұрады;
- Оның 53 пайызы – Қазақстан азаматы, 43 пайызы – Ресей азаматы, қалған 4 пайызы – өзге елдердің азаматы;
- 8,5 мың адам – ғарыш айлағының азаматтық сала персоналы, оның 2,5 мыңы – ҚР азаматтары; 2050 жылы Ресейдің ғарыш айлағын жалға алу мерзімі бітеді.
Дайындаған Нұр БАҚЫТ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!