Бойыңыздағы жақсы қасиеттерді анықтаңыз. Жүрегіңіздің үніне құлақ түріп, ойланбастан көзіңізге бірден түскен суретті таңдаңыз. 3 суреттің ішінен сіз таңдаған сурет барлық сұрақтарыңыздың жауабын бермек. Таңдауыңыз түскен суреттің анықтамасына зер салыңыз.

№1 сурет
Таңдауыңыз бірінші суретке түссе, сіз өте қабілетті адамсыз. Бойыңыздағы жақсы қасиеттердің бәрі де осы ерекше қабілетіңіздің арқасында дарыған. Сіз қызықты ақпараттарды қалт жібермеуге, біліміңізді әркез толықтырып отыруға дайынсыз. Сүйкімділігіңіз бен мейірімділігіңіздің арқасында көптеген жетістіктерге жете аласыз. Сіздің қолыңыз ашық. Материалдық көмек көрсетуге де, біреуге жақсылық жасауға да, тіпті білгеніңізді өзгелерге үйретуге де сараңдық танытпайсыз. Біреудің ісін өз ісіңіздей атқарып кетуіңіз де оңай. Сізді бала бейнесіндегі адам деп те атауға болады. Аңқылдаған адал жүрегіңізбен зұлымдықты жеңіп, шығар биігіңіз әлі алда.

№2 сурет
Сіздің қолға алған ісіңізді аяғына дейін жеткізбей қоймайтын қасиетіңіз айналаңыздағы адамдарды тәнті етеді. Бойыңыздағы ерекше күш-жігерді өзгелер сіздің бойыңыздағы ең керемет қасиетке балайды. Және сіздің жаныңызда жүріп, ісіңізге тәнті болып, өмірлік сабақ алатындар көп. Әрбір сөзіңіз санаға төңкеріс жасап, мотивация сыйлайды. Сіздің ақылыңызға жүгініп, өмірде өз орнын тауып жатқандар қаншама? Бірақ, соның біреуін де осы уақытқа дейін мақтанышпен айтып көрмепсіз. Өйткені, өзгелерді шабыттандыруды өзіңіздің өмірдегі ең басты миссияңыз деп есептейсіз. Сіз байыз таппай, үнемі қозғалыста жүретін адамсыз. Кез келген ортаны басқарып кете алатын көшбасшылық қасиетіңіз ерекше дамыған.

№3 сурет
Сіз әрбір таңның несібесіне шүкіршілік айтып, сәттіліктерге шынайы қуана білетін адамсыз. Өзгелер үшін сіздің үнемі күлімдеп жүретін жүзіңіз маңызды. Жаныңыздаға адамдар мұңаюға 10 түрлі себеп тапса, сіз бақытты болудың 100 түрлі жолын ұсынасыз. Кез келген жиын сіздің қатысуыңызсыз өтпейді. Жақындарыңыз жаныңызға үйір. Аңғалдығыңыз да жоқ емес. Қиындықтан шығудың оңай жолын тез таба алатын қасиетке иесіз. Сізді ашуландыру өте қиын. Бірақ бір ашулансаңыз, айналаңыздағы адамдар сізді танымай қалуы мүмкін. Сол себепті үнемі жайдарлы, байсалды қалпыңыздан танбайсыз. «Күліп жүретін адамға — өмір тек қуанышты сәттерді сыйлайды» деген ұстаныммен өмір сүресіз. Тек сырт көзге ғана емес, бар болмысыңызбен, жан дүниеңізбен бақыттысыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!