Фото: depositphotos.com

Кардиолог Ирина Васильева қан қысымы төмен адамдарға төрт кеңес берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің сөзінше, қан қысымы төмен болса көп су ішу керек, сағат сайын шамамен бір стақан су ішкен абзал.
Маман тұзды да көбірек тұтынуға кеңес берді, өйткені гипотониктер үшін бұл – қажет нәрсе.

«Үнемі физикалық белсенділікпен айналысып, ұйқыны жақсартқан жөн», – деген дәрігердің сөзін lenta.ru басылымы келтірді.
Еске салайық, бұған дейін кейбір тағамдар дәрі-дәрмексіз қан қысымын төмендетуі мүмкін екені хабарланды. Сарапшылар қысымды төмендететін тағамдардың қатарына омега-3 май қышқылдары бар сұлы кебегі және майлы балықтарды (скумбрия, лосось, форель, сардина) жатқызды. Қан қысымын төмендетуге қызылша шырыны да пайдалы екен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!