Қуаныш гормоны — серотониннің бөлінуіне ықпал ететін бірнеше фактор бар. Атап айтқанда, әлеуметтік белсенділік, сүйікті іспен айналысу, сондай-ақ күркетауық еті мен банан секілді тағамдарды тұтыну серотонин синтезін арттырады, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Бұл жөнінде эндокринолог Наталья Балашова телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді.

Маманның айтуынша, серотонин — адамның миында және ішек жасушаларында түзілетін гормон. Ол аминқышқыл — триптофаннан түзіледі, ал триптофан банан мен күркетауық етінде көп мөлшерде кездеседі.

Қуаныш — бұл белгілі бір жетістікке жеткеннен кейінгі қанағат сезімі. Сондықтан адамның сүйікті ісімен айналысуы мен хоббиі де серотониннің бөлінуіне ықпал етеді, — дейді дәрігер Балашова.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік белсенділіктің маңызын ерекше атап өтті. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, қолдау мен көмектесу — серотонинді арттыратын тағы бір маңызды фактор. Ал физикалық белсенділік көңіл-күйді жақсартып, серотонин деңгейін жоғарылатады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!