Қанның қоюлануының алғашқы белгісінің бірі тез шаршау болуы мүмкін. Сондай-ақ, бас ауруы мен бас айналу қанның тұтқырлығы жоғарылағанының белгісі болуы ықтимал. Бұл туралы терапевт дәрігер Надежда Чернышова айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Москва 24-ке» сілтеме жасап.
Қан неліктен қоюланады?
Маманның айтуынша, жеткілікті мөлшерде су ішпеу, қатты құсу, қант диабеті сияқты кейбір аурулар қанның қоюлануына әкеп соқтыруы мүмкін.
Қанның қоюланғанын көрсететін ықтимал белгілер:
- Бас ауруы, бас айналу;
 - Тез шаршау;
 - Қол мен аяқтағы шаншу сезімі
 
Алайда дәрігер қан қоюланғанын нақты көрсететін белгілер жоқ екенін атап өтті. Көп жағдайда адам ешқандай өзгеріс сезінбеуі мүмкін.
Диагностика және алдын алу
- Қою қан диагнозын нақтылау үшін медициналық тексеруден өтіп, арнайы анализдер тапсыру қажет.
 - Егер қанның қоюлығы расталса, дәрігер қан сұйылтатын препараттар тағайындайды.
 - Мұндай жағдайдың алдын алу үшін жеткілікті мөлшерде су ішу маңызды.
 
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
			