Пестицидтер – зиянкестерден тазарту мақсатында өсімдіктерді өңдейтін улы заттар. Олардың арқасында біз жыл бойы жаңа піскен көкөністер мен жемістерді сатып ала аламыз. Алайда, бұл заттар улы болуы және адам денсаулығына зиян тигізуі мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Пестицидтердің зияндылық деңгейі мыналарға байланысты:
мөлшері;
пестицид түрі;
оның ағзаға ену жолы;
адамның жалпы хал-жағдайы.
Пестицидтер адам ағзасына көбіне тамақ арқылы түседі. Ол жиі өнімдерді дұрыс тазартпағаннан болады.
Тамақтағы пестицидтерден уланудың негізгі белгілеріне мыналар жатады:
бас ауруы;
әлсіздік;
тері қышуы;
тыныс алудың қиындауы;
асқазан-ішек жолының бұзылысы (құсу, іш өту);
Өнімдердегі пестицидтерден қалай арыламыз?
Жемістер мен көкөністерді суға салып қою пестицидтер мен нитраттарды азайтуға көмектеседі. Жемістер мен көкөністерді суға салып, бір сағатқа қалдырыңыз. Суға лимон суын, алма сіркесін немесе бірнеше қасық тұз салуға болады. Мұндай процедура өнімдердің сыртындағы пестицидтер мөлшерін азайтуға көмектеседі. Содан соң жемістерді ағып тұрған судың астына шайып алып, құрғатып сүрту керек.
Барынша органикалық және маусымдық өнімдерді алуға тырысыңыз.
Фото: Massaget.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!