«Қазақстан аруы-2013» атанған Айдай Исаева алғаш рет Алматыдағы үйін көрсетіп, эксклюзивті сұхбат беру үшін Экспресс К тілшісін арнайы шақырды. Бес бөлмелі пәтердің құны 1 миллион доллар тұрады. 

Айдай үй шаруасымен өзі айналыспайды екен. Ол үшін арнайы үй қызметшісін жалдап қойған. «Қазақстан аруы» әрбір қонақты жылы қабақпен қарсы алуға тырысады. Себебі, бұл шаңырақта «қонақты құдайындай күту» парыз саналады екен.

«Қош келдіңіздер! Мынау қонақ бөлме. Мына жерде гардероб. Ашпай-ақ қояйын. Мына жерде демалыс бөлмесі яғни холл. Осы жерде демаламыз. Кішігірім кинотеатрымыз бар. Ал мына жерде қонақ күтетін бөлме. Мына жерде үлкен үстел бар. Оны шетке жылжытып қойғанбыз. Балалар барлық бөлмеде ойнаған соң ойыншықтар шашылып жатыр. Мен Шымкенттің келінімін. Достар, туған- туыстар бар. Сондықтан үйден қонақ үзілмейді. Қонақты өзім жақсы көремін. Кейбіреулер айтады ғой үйде артық адамдар жүрсе ұнатпаймын дейді ғой, мен керісінше үйге қонақ келсе қуанамын. Кішкентай кезімнен сондай едім, әлі өзгермегенмін. Бұл дайын үй. Сондықтан ешқандай дизайнер жалдаған жоқпын. Мына жерде жолдасымның жұмыс кабинеті. Анда-санда менің де кабинетім болып кетеді. Міне мына жерде біздің алған кубоктар тұр. Енді балалар ойыншық қылып ойнап кеткен. Көп кубоктарымның бәрі сынып қалған. Мына жерде құран кітап. Достарымыз сыйға тартқан кәделер де тұр», — дейді Айдай Исаева.

Балқып-шалқып өмір сүруді жақсы көретін Айдай бүгінде үш баланың анасы. Күйеуі Мақсат екеуі бір ұл, екі қыз өсіріп отыр. Үлкен ұлы Әл-Фараби биыл мектеп табалдырығын аттаса, одан кейінгі үш жастағы қызы балабақшаға барып жүр. Ал екі жастағы кенжесін бала күтуші қызға сеніп тапсырған. Айдайдың айтуынша, жақында олар бұдан да кең әрі жайлы пәтерге көшпек. Себебі қазір тұрып жатқан 270 шаршы метр баспанасы отбасына тарлық етуде.

«Балалардың бөлмесіне барайық. Бұдан да көп ойыншық болған, жартысын балалар үйіне беріп тастадық. Өйкені жаңартып отырмасақ, балаларға қызық емес. Негізі осыдан да үлкенірек үй қарастырыпа жатырмыз. Биыл көшетін шығармыз. Осы үйде сатуға қойдық. Қатты ұнайтын бір үй бар. Сол жаққа көшеміз. Қазір тұрып жатқан баспанамыз 272 шаршы метр болса, ал жаңа үйіміз 500 шаршы метрден асады. Құнын айтпай-ақ қояйын. Оны жолдасым шешеді. Мына жерде екінші балалар бөлмесі. Қыздар ойнайды. Ойыншықтары толып жатыр», — дейді Қазақстан аруы.

Айдай бес саусағынан бал тамған аспаз болып шықты. Отбасы үшін асты өзі дайындайды екен. Тамақты талғап жейтін күйеуі мен балаларының көңілінен шығу оңай емес екен.

«Бұл ас бөлмесі. Жолдасым, балаларым мен істеген тамақты қатты жақсы көреді. Олар өте талғампаз. Әсіресе, бұқтырған, бумен пісірген тамақтарды алдарына тосамын. Ол манты мен балық өнімдері. Асты аз және дәмді жасауға тырысамын. Бар құпия осыда. Балаларым кеспені жақсы көреді. Бұқтырылған тамақтар денсаулыққа пайдалы», — дейді Исаева.

Исаева үстіне арзан киім ілмейді. Оның ең қымбат көйлегі 3,5 мың доллар тұрады. Ал ең арзаны 160 мың теңгеге бағаланады.

«Негізі гардеробым кішкентай болып тұр. Негізі жартысының жартысы. Мынау той көйлек. Бағасы 3,5 мың доллар. Дизайнер Наиль Байкучуковтікі екен. Ал мына Sherri Hill-дің көйлегін 2013 жылы «Қазақстан Аруы» атанған кезде киген болатынмын. Сол кезде 160 мың теңгеге сатып алдым. Әлі сақталып тұр. Ал мына көйлекті 2015 жылы ұзатылған кезде киген едім. Бұл көйлекті танымал дизайнер Наиль Байкучуков арнайы тіккен. Бағасы 1,5 миллион теңге. Мысалы әдемі көйлек бренд Sherri Hill-дікі. Құны 1,5 миллион теңге тұрады. Негізі көйлектерім көп. Айда Қауменованың барлық көйлектерін бір жерге тығып қойдым. Киімдерді кез-келген сауда үйінен сатып ала беремін. Онлайн да тапсырыс беремін. Бірақ сапасына қатты қараймын», — дейді ол.

Сұлулық салонына жиі бармайтын Айдай Instagram арқылы табыс табады екен. Исаева әр посты үшін 1 миллион теңге алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!