Биыл желтоқсанда бұрнағы жылдармен салыстырғанда, мереке күндері азайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен, 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Биылдан бастап бұл күн – жұмыс күні.
Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады.
Сонымен желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында:
– бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі);
– алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады.
Жалпы желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар.
Биылғы жаңа жыл сенбі (31 желтоқсан) және жексенбі (1 қаңтар) күндеріне сәйкес келеді. Екі күн де қазақстандықтар жұмыс істемейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!