2024 жылдан бастап Қазақстанда бірқатар өзгерістер болады. Кәсіпкерлер салық декларациясын тапсырып, қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріледі. Сондай-ақ зейнетақы қорында жаңа жарна пайда болып, кеншілер 200 мың теңгеге дейін әлеуметтік төлем алады. Толығырақ Stan.kz

Декларация төрт кезең бойынша жүзеге асырылады:

  • Бірінші кезең 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыбы) ұсынған жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну іске қосылды;
  • 2023 жылдан бастап мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлерін және олардың жұбайларын қамтыған екінші кезең іске қосылды;
  • Үшінші кезеңде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларацияланды;
  • Төртінші кезең аясында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қалған санаттағы азаматтар декларацияланады.
  • Егер облыс тұрғындарының 2 пайызы қолдаса, онда облыстық мәслихат қарайды;
  • петицияны қолдаушылар саны 50 мың адамнан асса, ол үкімет деңгейінде қаралады.

Е-өтініш ақпараттық жүйесінде бөлек модуль болады. Сол жерде жарияланған петициялар қарастырылады.

Бизнесті тексеруге мораторий аяқталды

Қазақстанда шағын кәсіпкерлік, соның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін барып тексеруге мораторий аяқталды. 1 қаңтардан бастап орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тексерісі қайта жанданады.

Елімізде бизнесті тексеруге мораторий 2020 жылғы 1 қаңтарда жарияланған болатын. Бастапқыда мораторий 2023 жылғы қаңтарда аяқталады деп жоспарланған. Алайда былтыр президент оның мерзімін тағы бір жылға ұзартты.

Сондай-ақ 2024 жылдан бастап бизнесті тексеруге адам қатыспайды. Өйткені елімізде тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылады. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды деп күтілуде.

Газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жапсыру керек

Қазақстанда газ баллонымен жүретін автомобильдер арнайы белгі орнатуға міндетті болады.

Бұл таңбада «GAS» деген жазу мен леп белгісі бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш бейнеленген. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы тиіс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!