Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
15 қараша – Ұлттық валюта күні. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда Теңге есімді қанша адам бар екенін анықтады.
Теңге есімділер
Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда Теңге есімді 12 адам тіркелген.
«Қазақстан бойынша ұлты қазақ 12 адамның есімі – Теңге», – деп жазылған деректе.
Ал «Тенге» есімді 72 адам бар.
Ашық дереккөз мәліметінше, теңге – ортағасырлық түріктердің «денге» немесе «тәнга» күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынған.
Ақша есімділер
Ұлттық статистика деректері бойынша елімізде Ақша есімді ұлты қазақ 3 адам бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!