Шаңырақ көтергендеріне 10 жыл толған ерлі-зайыптылардың бір-біріне сыйлығы қызу талқыға түсті. Әйелі күйеуіне тоқал сыйлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйелдің айтуынша, осылайша ол күйеуінің арманын орындаған.
“Тәкеңнің арманы орындалды. Үйленгенімізге 10 жыл толған мерейтойға орай тоқал сыйладым. Менің барлық еркелігімді көтеріп жүргеніне рақмет! Мен осындай сыйлыққа күйеуімді лайық көрдім”, – деп баяндады бейтаныс келіншек.
Күйеуі үлкен қорапты ашқанда ішінен әйел шыққанын көріп таңғалады. Кейін екеуі жеке сөйлесіп, су жаңа әйелі туралы бірнеше сұрақ қояды.
“Мені танитын адам ба? Қандай қыз ол? Әке-шешесі рұқсат етті ме?”, – деп әйелін сұрақтың астына алады.
“Мен ауырғанда көмектескен қыз. 2000 жылы туған. Әке-шешесінің келісімін алдық. Өзі де қарсы емес. Мен сөйлесіп келісіп қойдым, өте жақсы қыз”, деп жауап берді әйелі.
Желі қолданушылардың бірі сынап жатса, енді бірі әйелді мақтап жатыр. “Пранк шығар”, “Цирктің қойылымына ұқсайды”, “Егер бұл шын болса әйелінің үстінен қылмыстық іс қозғалады. Өйткені сыйлықты сатып алады. Адамға сыйлық ретінде қарап тұр” дейді желі қолданушылары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!