Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтіледі. 2024 жылы Ұлттық құрылтай отырысында жарияланған бұл шешім – жеке тұлғаның дамуындағы кітаптың рөліне қоғамның назарын бұруға, сондай-ақ жоғары оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Мерекелік күнге дайындық аясында 2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында EGOV mobile платформасында азаматтар арасында сауалнама жүргізілді.

Анықтама: сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 46 190 адам қатыстыОның ішінде 50.7% әйел және 49.3% ер; 70% қазақ, 18% орыс және12% басқа этностар; 21% (18-29 жас), 50% (30-45 жас), 22% (46-60 жас), 5% (61 жастан жоғары).

Сауалнаманың мақсаты – халықтың кітапқа қатысты қызығушылығын зерттеу, кітап оқуға деген жалпы көзқарасты анықтау.

Алынған нәтижелер өзекті тенденцияларды көрсетеді және кітап оқитын ұлтты қалыптастыру әлеуетін жаңа көзқараспен бағамдауға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтардың басым бөлігі (57,3%) тұрақты негізде кітап оқиды.

Социологиялық деректер қазақстандықтар кітап оқуды негізінен – білім және ақпарат алуүшін пайдаланатынын көрсетеді. 

Респонденттердің 31% жылына 1-3 кітап, 26.3% 3 кітаптан артық оқиды. Бұл көрсеткіш – халықтың едәуір бөлігінде оқуға деген қызығушылықтың сақталғанын көрсетеді.

Бұл ретте кітапқұмар нәзік жандылардың саны(58.7%) ер-азаматтарға (55%) қарағанда көбірек екені байқалады. 

Оқуға деген қызығушылық жас санатына байланысты да құбылатынын көрсетті: кітап оқуғадеген қызығушылық негізінен 18-29 жас аралығындағылар мен аға буын (61 жастан асқан) адамдар арасында  басым. Ал 30-45 жас аралығындағы адамдар салыстырмалы түрде аз оқиды.

Алайда, сұралғандардың үштен бір бөлігі (30.6%) уақыттың жоқтығынан мүлдем кітап оқымайтынын мойындады.

Ал жалпы сұралғандардың тек 6.2% кітап оқуға ешқандай қызығушылық жоқ деп көрсеткен. Бұл егер мүмкіндік жасаса қоғамның кітапқа қызығушылық әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.

Тарихи мазмұндағы кітаптар – таңдаулы жанрлар рейтингінің көшбасшысы (26.4%)

Қазақстандық оқырмандар кітап жанрлары арасында тарих, тарихи романдар, өмірбаяндар және публицистикалық кітаптарға басымдық береді (20.5%).

Әрбір алтыншы таңдау – шытырман оқиғалар, махаббат романдары, детективтер (16.3%).

Әрі қарай оқырмандарды қызықтыратын жанрлардың арасында:

Психология, өзін-өзі дамыту кітаптары (15.4%); 

Оқулықтар, ғылыми және кәсіби әдебиеттер(8.2%)

Классикалық әдебиет (7.7%);

Ерлер мен әйелдер өздері үшін әртүрлі жанрларды таңдайды
Еразаматтар көбіне – тарихи кітаптар, сонымен қатар ғылыми және кәсіби әдебиеттерді дұрыс көреді.

Ал нәзік жандылар – шытырман оқиғалармахаббат туралы романдардетективтерсонымен қатар психологияөзінөзі дамыту туралы кітаптарды ұнатады. 

Жалпы, қазақстандықтардың жанр бойынша қалаулары, сондай-ақ мазмұнды әдебиетке дегентұрақты қызығушылықтары – интелектуалды дамумен қоғамның өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын айғақтайды.

Сауалнамаға қатысқандардың 50.8% – кітаптарды дәстүрлі қағаз форматында, 28% – смартфондар арқылы, 5.3% – электронды планшеттер арқылы оқиды.

Сауалнама деректері цифрлы форматың кең таралуына қарамастан, қағаз баспадан шыққан кітаптардың танымалдылығы қазақстандықтар арасында әлі де жоғары екендігін көрсетеді. Сұралғандардың жартысына жуығы (50.8%) кітапты дәл осы форматта оқитынын айтқан. 

Одан кейін смартфондар – сұралғандардың үштен бірі телефонның экранынан оқиды (28%). Қазақстандықтар кітап оқу үшін пайдаланатын басқа да цифрлық тасымалдаушылар қатарында – электрондық планшеттер (5.3%) және компьютерлер (3.8%) саналады.

Оқудың балама әдісі – кітаптарды принтерлерден басып шығару екен. Мұндай әдісті сауалнамаға қатысқандардың 1.25% көрсетті.

Смартфондар, планшеттер және компьютерлер арқылы электронды форматта кітап оқу тәжірибесі жас қазақстандықтар арасында
(18-29 жас аралығындағы) жиі кездеседі. 

Белсенді еңбекке қабілетті жастағылар (46 жастан 60 жасқа дейін) және аға буын (61 жастанасқан) кітапты дәстүрлі баспа форматында көбірек оқиды.

Айта кету керек, әдетте респонденттер біремес, бірден бірнеше ыңғайлы оқу форматтарынқалайды. Ең жиі кездесетіні – «қағаз кітап пенсмартфон» нұсқасы, бұл әсіресе жастар мен ортажастағы адамдар арасында танымал. 

Жүргізілген талдау цифрлық құрылғылар Қазақстандықтардың оқу тәжірибесінен қағаз құрылғыларды толығымен ығыстырады деп айтуға әлі негіз жоқ екенін көрсетеді.

Әрбір бесінші қазақстандық М.Әуезовтің «Абай жолы» және Абайдың «Қара сөздерін» оқыған

Танымал әдеби шығармалар ішінде «Көшпенділер» (І.Есенберлин); «Қан мен тер» (Әбдіжәміл Нұрпейісов); «Ақ Орда»«Қазақ хандығының тарихы» (Радик Темірғалиев); Бауыржан Момышұлының кітаптар жинағы ерекше көзге түседі.

Шығармалар тізіміндегі абсолютті көшбасшылар – М. Әуезовтің «Абай жолы» және Абайдың «Қара сөздері». Бұл ұлы ойшыл Абай идеяларының қазіргі қоғам үшін жоғары өзектілігін тағы да көрсетеді. 

Ең танымал әдеби шығармалар шоғырында – белгілі қазақ классиктерінің шығармалары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!