фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстаннан қанша адам көшкен?» деген сауалға жауап берді.
2023 жылдың қантар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан Республикасынан сыртқы елдерге 12 732 адам көшіп кетті. Сол кезенде елімізге 19 136 адам тұрақты тұруға көшіп келді. Көшкен азаматтардың көбі немесе 8,0 мың адам орыс ұлты, 1,6 мың адам неміс ұлты, 0,9 мың адам украйн ұлтының өкілдері, — деп жауап берген Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Көшкен адамдардың 95%-ы Ресейге кеткен. 2,7 мың адам алыс шет елге көшкен. 1 795 адам Германияға, 314 адам АҚШ-қа кеткен.
Дамир СЕИЛХАНОВ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!