Қолдың ұйып, шаншып, жансыздануы жайсыз қалыптан ғана емес, жүйке жүйесі, қан айналымы немесе басқа аурулардың белгісі болуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Доктор Питерге» сілтеме жасап. 

Негізгі себептер:

Жүйке жүйе: туннель синдромы, мойын омыртқасының қысылуы, диабет/алкоголь/токсик полинейропатия, склероз, орталық жүйке жүйесінің ісіктері.

Қан тамырлары: Рейно ауруы, атеросклероз, тромбоз.

Уақытша себеп: ыңғайсыз қалыпта ұйықтау/отыру.

Дәрігерлер мына белгілерге назар аудару керегін айтты.

  • Бүкіл қол ұйыса, мойын деңгейінде түбіршік қысылуы не өрім зақым болуы мүмкін.
  • Бас бармақ, сұқ, ортаңғы саусақтар ұйыса, білезік канал синдромы болуы мүмкін.

Қалай тексерілу керек?

  • Неврологқа, қажет болса ортопед, эндокринолог, ревматолог, кардиологқа қаралу керек. 
  • Анализдер (қант, гормондар, ревмамаркерлер), УДЗ/МРТ, арнайы неврологиялық тесттер тапсыру керек. 

Қолдың ұюы инсульт сияқты қауіпті жағдайлардың да белгісі болуы мүмкін. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!