Қытай ғалымдары Жерге 2020 жылы әкелінген Айдағы топырақтың үлгісін зерттеу барысында жаңа минералды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синьхуа агенттігі таратқан деректерге сәйкес, ол адамзаттың Айды зерттеу тарихында анықталған алтыншы минерал болып отыр.
Осы жаңалықтың арқасында Қытай Айдан жаңа минерал тапқан әлемдегі үшінші мемлекетке айналды.
Жаңа минерал түссіз мөлдір бағаналы кристалдан тұрады және «Чанъэ тасы» деген атауды иеленді.
Чанъэ тасы» Халықаралық минералогиялық қауымдастықтың жаңа минерал атауы мен жіктеу бойынша комиссияның шешіміне сәйкес жаңа минерал ретінде ресми мақұлданды, – деп атап өтті зерттеушілер.
2020 жылы қытайлық «Чанъэ-5» зонды Жерге салмағы 1731 грамм шамасындағы топырақ үлгісін Айдан алып келген. Ол адамзат соңғы 40 жылдан астам уақытта бері әкелген алғашқы топырақ үлгісі.
Дереккөз, мәтін: BAQ.KZ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!