Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын белсенді түрде жаулап келеді. 2024 жылы елімізге 63 450 көлік әкелінсе, соның 40 пайызына жуығы – қытайлық көліктер. ҚХР-дан шыққан брендтер өз позицияларын нықтап, көлік жолдарында көзге жиі түседі.
Қытай көліктерінің танымалдығы күн сайын артқанмен, көпшілік әлі күнге дейін олардың атауы мен логотипін ажырата алмай жатады. Әр брендтің артық-кем тұстары, ерекшелігі туралы нақты түсінік жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Tengri Auto қазақстандық оқырманға арнап «Қытайлық авто әлемі» атты алғашқы интерактивті жобаны ұсынды. Бұл – қытай автонарығын біздің елдің жағдайына сай етіп бейімдеген жан-жақты әрі қолжетімді анықтамалық.
Жоба нені қамтиды:
Брендтер галактикасы: Әр автоконцерн – жеке бір ғалам. Онда суббрендтер, модельдер мен иерархиялық жүйелер түсінікті тілмен көрсетілген. Chery, Geely, GWM, FAW, Changan және басқа да атаулардың артында кім тұрғанын білесіз.
Қысқа әрі нақты деректер: Әр брендтің шығу тарихы, басты ерекшелігі және неге мұнша көп екендігі туралы – артық ақпаратсыз, тек маңызды мәліметтер беріледі.
Атауын дұрыс айта білейік: Бренд атауларын қалай дұрыс айту керегін арнайы аудио жазбалар арқылы естіп, оңай меңгере аласыз. «Джили» дейміз бе, әлде «Гили» ме – бұл сұраққа енді нақты жауап бар.
Жуырда жобадағы жаңалықтар:
Модельдің жеке картасы: Әр көлік үлгісі бойынша техникалық сипаттамалар, иелерінің пікірлері мен сарапшылардың бағасы ұсынылады.
Көліктер рейтингі: Бұл рейтинг жарнаманың жетегіне емес, нақты жүргізушілердің шынайы пікіріне негізделген. Сондықтан көлік таңдауда қателеспей, саналы шешім қабылдауға көмектеседі.
Ең соңғы жаңалықтар – бір жерден: Қазақстанда жұмыс істейтін қытай автокомпанияларына қатысты ең өзекті жаңалықтар мен жаңартулардан үнемі хабардар болып отырасыз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!