Диетолог Альваро Торрес El Español басылымына берген сұхбатында диета кезінде екі жемісті рационнан алып тастау керек екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның сөзінше, диетадағы адамдар мүмкіндігінше банан жеуін шектеуі керек. Өйткені оның құрамында қант пен калория көп, сондықтан салмақ тастауға кедергі келтіреді.
Сонымен қатар, диетологтың айтуынша, рационнан қауынды алып тастау керек.
«Әсіресе, түнде қауын жеуге болмайды. Ал ағзаны антиоксиданттармен, талшықтармен, сумен, минералдармен және дәрумен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, қатерлі ісіктің бірнеше түрін, ас қорыту және жүрек-тамыр жүйесі ауруларының даму қаупін азайту үшін басқа жемістерді күніне үш-бес дана жеуге болады», – деді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!