Үндістанда жүрген бір күні əл-Фараби Патша əскерінің киімін киіп алып, жай адам ретінде Үндістандағы ең атақты адам Патша Суффиудиннің үлкен соты өтетін бөлмеге кіреді.
Патша өзінің бөлмесінен қарапайым адамды көріп таң қалып, ол не істеп жүрген адам деп білгісі келеді.Сіз қайда болуға тиістісіз? — дейді патша. Мен ана сіз отырған тақта отыруға тиістімін, — деп жауап береді. Сөйтіп тақтың қасына барып, оның бір шетіне отырады. Патша қатты ашуланып, күзетшілердің бірін шақырып, оған түсініксіз тілде бір нəрселерді сөйлейді. Ол «мына адамның есі дұрыс емес болуы керек немесе адамды таңдандыратын ғажап адам шығар. Мен бірнеше сұрақтар қойып, қандай адам екенін білейін», дейді.
Патша сұрақ қою үшін əл-Фарабиге бұрыла беріп еді, ол аузын ашқанша «Патша сіз неге мазасызданасыз?» деп патша сөйлеген тілде сұрақ береді. Осы мезеттен бастап патша мен əл-Фараби бірнеше сағат бойы үздіксіз философиялық таласқа түседі.
Бұл дебатқа Үндістанның ең атақты философ-шешендері қатысады. Олардың бəрі əл-Фарабиді сүріндіре алмай, таласта жеңіліс табады. Ақырында патша жеңілісін шын жүректен мойындап, «не қалайсың, сұрағаныңды үлкен ризалықпен берем» дейді. Əл-Фараби «ештеңе керек емес» деп жауап береді. Содан патша əлемдегі ең мықты музыканттарды жинап, қонақтың құрметіне музыка ойнаңдар деп бұйырады. Музыканттар ойнап жатқандa əл-Фараби оларды тоқтатып, аспаптарының құлақ күйін басқаша келтіреді. Содан музыканы қайта ойнап шығуды сұрайды.
Бұл жағдай жиі қайталанады. Ақыры болмаған соң патша өз музыканттарын қуып жібереді де, Фарабиден «менің музыканттарымды жақтырмадың, енді өзіңнің олардан артық екеніңді дəлелде», дейді. Фараби қалтасынан кішкентай үш шек алады да, шат- шадыман музыканы ойнай бастағанда тыңдап отырғандар бірі орындықта, бірі отырған жерінде Фарабиден басқасы шетінен тəтті ұйқыға кетеді. Осы кезде Фараби бөлмеден жaйлап шығып кетеді.
Содан кейін оны ешкім көрмепті. Патша оянғаннан кейін қанша іздетсе де, таппапты.
А. Қайбалдина.Əбу Насыр əл-Фараби // Қазақ тарихы. — 2012. — № 2 (113). — 46-б.
Мадина Сабыр парақшасынан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!