Фото: Ашық дереккөзден алынды
Торттар әуелде бүгінгідей әдемі әсемделген, тәтті әрі дәмді болмаған. Дөңгелек пішінді, екі жағы күйген нанды ертеректе торт деп атаса керек. Қазір тортсыз ешқандай той, туған күн, мерекелік шаралар өтпейтіні рас. Шырақ жағып, тілек тілеу – заманауи дәстүр. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін бұл үрдіске үйреніп те кетті.
Торттың пайда болу тарихын білесіз бе? Алғашында тортты туған күн иесіне емес, мерекеге шақырту есебінде майшамдармен безендіріп сыйлаған деседі. Ең бірінші торт 1785 жылы тарту етілген. 20 шілде – халықаралық торт күні. Араб Эмираттарында жас жұбайлардың үйлену тойына арналған торт 75 млн долларға сатылған. Тәттіні сүйіп жейтіндер әрқашан торт сатып ала бермейді ғой. Осы тұста «капкейктер» пайда болды. Торттардың өлшемі бұрын үлкен, көп қабатты болса, қазір шағындары да жоғары сұранысқа ие. Оның атауы – «Бенто». Құрамы мен кремі де жыл санап дәм тұрғысынан өзгеріске ұшырады. Дәмі тіл үйіреді. Үлкен тойда көп қабатты торт жасау, одан ауыс тию ғұрпы әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған. Соңғы уақытта тәттіні той ортасында дайындау белең алып, мұндай бейнероликтер әлеуметтік желіде тарады. Әрине нанын пісіріп жатпаса да, жеміс жидекпен әрлегені көп назарында. Трендке айналған «гендер пати» мерекесінде де торттың орны айрықша. Осы тұста торттың құнын атап кетпесек айып шығар. Мәселен, «Бенто» торт шағын болғанына қарамастан қымбат тұрады. Кемінде 5 мың теңгеден төмен түспейді. Бұл құрамындағы дәмдеуішке де байланысты. Дизайны да көз майыңды тауысатын машақатты жұмыс. Оған қоса, тұтынушылар әртүрлі идеялар ұсынып, жазатын мәтінге де аса мән береді. Аймақта «Меруерт», ал Қазақстанда «Happy cake» торт желілері сұранысқа ие. Көптің талғамына сай болған торттардың сатылымы жоғары. Көп таңдауы «Медовый», «Наполеон», «Тирамису» екеніне де талас жоқ. Кез келген мерекелік дастарқанның сәнін келтіретін тәтті түрі көбеймесе азаймақ емес.
Нұршат НЫШАНОВА
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!