Көп адам үшін тәттіге деген құмарлықтан арылу қиын. Гастроэнтеролог Евгений Белоусовтың айтуынша, бұл жай ғана әдет емес, дофамин гормонының бөлінуімен байланысты тәуелділік. Сол себепті қантты бірден рационнан толықтай алып тастау қиынға соғады. Алайда ол бірнеше кеңестер ұсынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Маман тәттіден бас тарта алмай жүргендерге ең оңай лайфхактарды айтты.
«Тәттіге деген құштарлық – бұл жай ғана әдет емес, бұл дофаминнің бөлінуімен байланысты нағыз тәуелділік. Қанттан кенет бас тарту ағза ауыр тиеді. Сол үшін оны біртіндеп азайтқан дұрыс: диетадағы тәттілердің мөлшерін азайтып, оларды жемістермен, жаңғақтармен немесе табиғи дәмдеуіштермен ауыстырыңыз», – деп түсіндірді дәрігер.
Тәттілерден бас тартудың тиімді жолдары:
- Қант мөлшерін біртіндеп азайту;
- Оларды жеміс-жидек, жаңғақ немесе табиғи тәттілендіргіштермен алмастыру;
- Стрессті басқару, өйткені күйзеліс кезінде адам тәттіге көбірек әуес болады.
Дәрігер тәттілерді шамадан тыс тұтыну ұйқы безіне зиян келтіретінін, организмнің инсулинді артық бөлуіне әкелетінін ескертті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!