Онколог Владимир Ивашков тамақты ыстықтай ішетіндерде асқазан қатерлі ісігінің даму қаупі жоғары екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Нақты критерийлер бар. Асқазан қатерлі ісігі ащы және ыстық тағамдарды тұтынудан пайда болады. Кейбір зерттеулерде шикі тамақ та асқазан қатерлі ісігі дамуына себеп екені айтылады», – деген Ивашковтың сөзін lenta.ru басылымы келтірді.
Сарапшының айтуынша, бұл аурудың алдын алу үшін темекі шегуден және ішімдік ішуден бас тарту қажет. Дәрігердің сөзінше, бұл әдеттер ауруды өршітеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!