фото: ашық дереккөзден алынды

Таңғы ас – бүкіл күнге серпін береді, бірақ кей тағамдар ашқарынға зиян. Таңғы ас адамның күн бойғы көңіл-күйі мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Алайда оянғаннан кейін бірден кез келген тамақты жеу пайдалы емес. Кейбір өнімдер асқазанға артық салмақ түсіріп, ыңғайсыздық тудыруы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таңғы асқа жарамайтын өнімдер:

Қызыл ет

Ұйқыдан кейін ағза толық қуатында жұмыс істемейді. Қызыл ет – қорытуы қиын тағам, оған көп фермент пен энергия қажет. Таңертең мұндай тағам асқазанда ауырлық пен ұйқышылдық туғызады. Оның орнына жұмыртқа, құс еті немесе сүзбе секілді жеңіл ақуыз тұтынған дұрыс.

Супермаркеттегі йогурттар мен сүзбелер

Көптеген дүкен йогурттары – құрамында қант, хош иістендіргіш пен қоюландырғыштары бар кәдімгі десерт. Олар қандағы қантты күрт көтеріп, бір сағаттан кейін қайта аштық сезімін тудырады. Егер йогурт жегіңіз келсе, ешқандай қоспасыз табиғи түрін таңдаңыз және оны сәл кейінірек жеңіз.

Цитрус жемістері мен шырындар

Құрамындағы қышқыл асқазанның шырышты қабығын тітіркендіріп, жүрек айнуы мен қыжылды шақыруы мүмкін. Сонымен қатар, цитрустар тіс эмалын бұзады. Витамин С-ні жидектер мен көкөністерден алған қауіпсіздеу.

Алмұрт пен құрма

Бұл жемістерде талшық пен танин көп. Ашқарынға жегенде ас қорыту процесін баяулатып, іш кебу мен ауырлық тудыруы мүмкін.

Шикі көкөністер

Талшық пен қышқылдар ішкі қабықты тітіркендіріп, газ жиналуын күшейтеді. Таңертең көкөністерді пісіріп – буға не пешке қуырып жеген дұрыс.

Сарымсақ

Сарымсақтағы белсенді заттар асқазан шырышына тым әсерлі келеді. Ашқарынға жегенде күйдіру, қыжыл мен ауырсыну тудыруы мүмкін.

Кофе

Кофеин қан қысымын көтеріп, асқазанды тітіркендіреді, ағзаны сусыздандырады. Егер кофесіз күніңіз басталмаса, оны таңғы астан кейін ішкен дұрыс. Ал ұйқыдан кейін бір стакан жылы су немесе шөп шайы ішіп бастау ұсынылады.

Салқын су мен сусындар

Суық ішімдіктер асқазан тамырларын тарылтып, зат алмасуды баяулатады. Сол себепті бөлме температурасындағы суды таңдау – ең тиімді шешім.

Сондай-ақ мына өнімдер таңғы асқа жарамайды:

  • тәтті газды сусындар – қан құрамындағы қантты күрт көтеріп, ұйқы безіне ауырлық түсіреді;
  • тәттілер мен тоқаштар – тойғандай әсер береді, бірақ аз уақытқа ғана;
  • банан – бүйрек немесе жүрек дерті бар адамдарда электролит теңсіздігін тудыруы мүмкін (дені сау адамдарға қалыпты мөлшерде рұқсат).

Таңғы асқа не жеген дұрыс?

Ақуыз, май мен көмірсудың тең үйлесімін таңдаңыз:

  • сұлы немесе қарақұмық ботқасы – жаңғақ және жидекпен;
  • жұмыртқа;
  • майсыз сүзбе;
  • авокадо немесе балық қосылған тосттар.

Таңғы ас ұйқыдан кейін 1–2 сағат өткен соң, бір стақан жылы су ішкеннен кейін ішілгені дұрыс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!