Танымал ресейлік тиктокер Даня Милохин Ресейден Қазақстанға көшіп келді. Көрші елде әлеуметтік желілер бұғатталғаннан кейін, жігіт шығармашылық пен табыс көзінен айырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Милохиннің Ресейден кеткені жуырда белгілі болды. Ол Қазақстанда тұратын продюсері Ярослав Андреевтің жанына келген. Ол өз кезегінде сәуір айында Отанын тастап, тиктокерге баспана дайындаған. Тиктокердің достары да Қазақстанға қоныс аударған. 

Жастар Алматыдан зәулім үй жалдап үлгерді. Оны Dream Team House деп атады. Даня жақын күндері елордада достарымен бірге концерт өткізуді жоспарлап отыр.

Ал қазіргі уақытта блогер Алматыда қыдырып жүр. Оқырмандарымен белсенді түрде суретке түсіп, Ресейден кеткен «Старбакстан» кофе ішуде. Ол Telegram-арнасында Қазақстанда тұрудың ерекшеліктерімен бөлісіп жүр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!