Біз күн сайын көптеген құрылғыларды қуаттаймыз. Бірақ оны дұрыс істеп жүрміз бе? Батарея ұзақ қызмет ету үшін құрылғыны қанша уақыт және қандай көлемде қуаттау қажет? иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден Көптеген пайдаланушылар құрылғыларды қуаты таусылуға жақындағанда қуаттап, қуатын 100 пайызға дейін жеткізуге тырысады. Алайда, бұл тәсіл литий-иондық элементтері бар заманауи құрылғыларға зиян тигізеді. Сонда, қалай қуаттаған дұрыс? Қуаттағышты тоқтан ажыратуды ұмытпаңыз Біз көбінесе смартфонды кешкі уақытта қуаттаймыз және қуаттағышты тоқ көзіне немесе басқа да құрылғыларға қосып қоямыз. Бұл жағдайда батарея орташа есеппен 3-4 сағат ішінде толығымен қуатталады, бірақ оны таңға дейін тоқтан ажыратпайтындар жиі кездеседі. Ал, толық қуатталғанның өзіне тоқ көзіне қосылып тұратын батареяның сыйымдылығы біртіндеп азайып, сапасы кетіп, қызмет ету мерзімі қысқара береді. Сондықтан, батарея толық қуатталғанда тоқтан аажыратып қойған дұрыс. Сондай-ақ, мүмкін болса телефонды сөндіріп қойып қуаттау керек. Сонда батарея қуаты тез толады. Қуатталу деңгейі 100 пайыздан аз болса, алаңдамаңыз Смартфонның литий-ионды батареясын үнемі 100%-ға дейін қуаттау қажет емес. Батареяны біртіндеп қуаттауға тырысыңыз және тек «оригинал» қуаттағыштарды қолданыңыз. Әдетте олар толық қуатталған батареяға тоқтың үздіксіз келіп тұруын автоматты түрде тоқтатып қояды. Сондай-ақ, батарея қуатын нөлге дейін түсірмеуге тырысыңыз. Литий-иондық батареяның қуатын қадағалаңыз және смартфонды өшіп қалмай тұрып қуаттаңыз. Қызмет мерзімін ұзартамыз Батареяны күніне екі-үш рет, мысалы, таңертең автомобильден, жұмыста компьютерден және кешке үйдегі розеткадан қуаттауға тырысыңыз. Осылайша сіз құрылғының қызмет ету мерзімін ұзарта аласыз. Өйткені, литий-ионды батарея 0-ден 100%-ға дейін 500 рет толық қуатталғасын қызмет ету мерзімін азайта бастайды. Мысалы, бір қуаттағанда 50%-ға дейін ғана жеткізсеңіз, қызмет мерзімі бірнеше есе өсуі мүмкін. Негізі, батареяның қызмет ету мерзімін қуатты 40-80% арасында ұстау арқылы ұзартуға болады. Егер, толық қуаттау керек болмай тұрса, 50%-ға дейін қуаттаңыз. Температура режимін сақтаңыз Қалыпты температура смартфон батареясының жұмысы үшін өте маңызды. Телефонды ыстық немесе суық жерде қолдансаңыз батарея қуаты тез таусылады, тіпті қызып кетіп немесе гипотермияның әсерінен мүлдем істен шығуы мүмкін. Сондықтан да жазда құрылғыларыңызды күн сәулесінде қалдырмаңыз, әсіресе көлікте! Ал, қыста телефонды киімнің сыртқы қалтасына салмай, суықта аз пайдалануға тырысыңыз. Керек кеңестер: • Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін үнемі энергия тұтынып тұратын қажетсіз бағдарламаларды өшіріп тастау керек; • Телефон немесе басқа да құрылғы сатып алатын кезде батареясы мықтысын таңдаңыз. Сонда «телефоным өшіп қалады» деп алаңдамайсыз; • Егер батареяның тозығы жетсе, құрылғыға зиян тимес үшін жаңасын немесе сыртқы батарея сатып алыңыз; • Өзіңіздің құрылғыңызға арналған сымсыз қуаттағыш бар болса, оны сатып алу тиімді болады.

ERNUR.KZ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!