фото: Видеодан алынған кадр

TikTok-та Ерасыл Уалиев есімді оқушы өзінің Ұлттық бірыңғай тестілеуден 1 балл алғанын жариялады. Желідегі видеода оқушы Ерасыл өзінің 1 балл алғанына пікір айтушыларды үш топқа бөлген, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бірінші топ оны өзінің айтуынша “дайындалмағансың” десе, екінші топ “не деген ақылдысың” деген, ал ендігі бір топ “бір ғана сұраққа жауап бергенсің” деп ойларын бөліскен.

Дегенмен 1 балмен антирекорд жасаған оқушы өзінің желідегі жазылушылары қазірдің өзінде мыңнан асқанын айтып, оқырмандарын ертесі күнге жоспарлаған стримге шақырып отыр.

“Айтпақшы, менде стрим ашылыпты. Ертең 8-ден 9-ға дейін стримге кіріңіздер, сұрақтарыңызға жауап беремін”, – дейді Ерасыл.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!