Фото: ашық дереккөзден
Әнші Қанат Құдайбергенұлы бала кезінде үйге қонақ келгенде ата-анасының үлкен кісілердің қолына су құйғызатынын, оның мән-мағынасы неде екенін айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Үйге қонақ келгенде ата-анамыз иығыңа сүлгіні іліп, шылапшынмен үлкен кісілердің қолына су құй дейтін. Сонда мен бала кезімде, енді баласың ғой, «Папа, мына жерде ванна бөлмесі бар ғой, барып қол жумай ма» дегенімде әкем «айналайын, үлкен кісіден бата алу керек, алғыс алуға ұмтылу керек» дейтін. Қазір қарасам, әкемнің сөзі, анамның сөзі өте дұрыс екен. Өйткені, алғыс алған бала жақсылыққа ұмтылып тұрады, жаны ізгілікке құштар болады. Мына кішкентайынан бастап үлкен кісілердің алдарынан жүгіріп шығып, киімін алып, қолына су құйып жатқанда «Бақытты бол! Өркенің өссін!» деп бата береді ғой. Ал бата алған бала енді жамандық жолға қарай баспауға тырысады деп ойлаймын», – дейді әнші.
Жақында Қанат пен Света Айтбаевтар «1001 түн» бағдарламасына сұхбат беріп, Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертіне Америка, Испания, Лондон, Қытай, Италия секілді елдерден 10 мыңнан астам жанкүйер келгенін айтқан еді.
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дейді ғой. Астанада концерт өткенше қатты қобалжыдық. Арқа етіміз құрысып қалыпты. Бірақ барлығы да ойдағыдай, аман-есен өтті. Барлығы да қолдап келген елдің арқасы. Тыңдайтын құлақ, көретін көз болмаса, сенің өнеріңнің кімге керегі бар? Сол үшін концертімізге қолдау білдірген, келген, ыстық ықыласын білдірген халқымызға мың рақмет! Концертті өткізу барысында 500-ден астам адам қызмет жасады. Концертке 10 мыңнан астам шетелдік жанкүйер келді. Олардың көпшілігі Америка, Испания, Лондон, Қытай, Италиядан келген қонақтар, – деді әншінің әкесі Қанат Айтбаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!