Дәрігер Себастьян Ла Роса ұйқыдан тым ерте де, тым кеш те оянбағаны дұрыс екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ABC басылымына сілтеме жасап.
«Таңғы 5-те тұрып, жүгіруге шығу міндетті емес. Бұл – ағзаға артық стресс. Сол сияқты, уақыт белдеуін ауыстыру (jet lag) сияқты жағдайлар немесе төтенше себептер болмаса, таңғы 10:30-да ояну да дұрыс емес», – деп түсіндірді Ла Роса.
Маман көпшілік үшін ең қолайлы ояну уақыты таңғы 6:45 пен 7:00 аралығы екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол ұйқының тұрақсыз режимі (бірде ерте, бірде кеш ұйықтау/ояну) ағзаға кейде ұйқының аздығынан да жаман әсер етуі мүмкін деді. Сондықтан күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта тұруға кеңес берді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
