Фото: pixabay.com
Жолаушыларға жазғы маусым қарсаңында тасымалдауға тыйым салынған өнімдердің тізімін мұқият қарау керек екенін еске салды. Бұл тізімде кокос бар, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Tengri Travel»-ге сілтеме жасап.
Independent хабарлауынша, халықаралық әуе көлігі қауымдастығы оңай жанғыш кокос етін қауіптіліктің төртінші класындағы жүкке жатқызады. Жіктеуге сәйкес, кептірілген кокос «өздігінен жануға бейім жанғыш қатты зат» ретінде белгіленеді, ол «сумен жанасқанда оңай жанғыш газдар шығаруы» мүмкін.
Тұтас кокосты қол жүгінде де, багажда да тасымалдауға болады, бірақ бұл тропикалық жемістің майлы еті көптеген ұшақтарда тыйым салынған. Копра (кокос ішіндегі кептірілген ақ еті) құрамындағы көп мөлшердегі майдың себебінен жану қаупі бар. Копраны кокос майын өндіруге пайдаланады.
Jet2, Tui, Ryanair және easyJet сияқты көптеген авиакомпаниялар өрт қауіпсіздігі қаупіне байланысты жолаушыларға копраны қол жүгімен немесе тексерілген багажымен тасымалдауға рұқсат бермейді.
IATA мәліметтері бойынша, жемістер, гүлдер және көкөністер сияқты тез бұзылатын тауарлар тасымалдау кезінде ерекше күтімді қажет етеді, өйткені олар уақыт өте келе және температура мен ылғалдылықтың әсерінен бұзылады.
«Копраның шаңы бір ұшқыннан тұтануы мүмкін. Сонымен қатар жемістердегі майдың ыдырауы «өзін-өзі қыздыру қаупіне» әкелуі мүмкін», – деп ескерттті IATA.
Алайда, кокос өнімдерін жеке қаптамада тасымалдауға рұқсат етіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!