Таң атады. Телефон бажылдайды. Хабарлама, қоңырау, әлеуметтік желідегі толассыз жаңалықтар. Бірер минут қараймын да тұрамын деген оймен экранға үңілеміз. Сол бірер минутыңыз жарты сағатқа ұласады. Күн басталмай жатып-ақ уақыттың жібін үзіп алғандай күй кешеміз. Ал шын мәнінде уақыт – бізден қашып бара жатқан дүние емес, керісінше, біз басқаруды үйренбеген мүмкіндік.
Қазіргі қоғам – асығыс қоғам. Бір қолмен жұмыс істеп, екінші қолмен телефон ақтаруға үлгереміз. «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» дегендей, бір мезетте бәріне үлгермек болып, түбінде ешқайсысын толық бітірмей қаламыз. Міне, дәл осы тұста «тайм менеджмент» ұғымы көмекке келеді. Ол – уақытты есептеу ғана емес, өміріңді ретке келтіру өнері.
Тайм-менеджмент дегеніміз – күнді жоспарлау емес, басымдықты дұрыс қоя білу. Көп адам «жұмысым көп, уақытым жетпейді» деп шағымданады. Бірақ мәселе жұмыстың көптігінде емес, оның ретсіздігінде. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман жоқ, әркімнің мойнында жауапкершілік бар. Алайда сол жауапкершілікті жүйелеп алсақ, ауыр жүгіміздің жеңілдері анық.
Психология ғылымы мұны нақты түсіндіреді. Мамандардың айтуынша, адам миы құрылымы жағынан «жедел марапатқа» бейім. Яғни біз ұзақмер зімді нәтижеден гөрі дәл қазір ләззат беретін әрекеттерді таңдаймыз. Телефон ақта ру, қысқа видеолар көру, бос әңгі ме – ми дың дофамин жүйесін жылдам қоз дырады. Ал маңызды, күрделі іс тер – кітап жазу, емтиханға дайындалу, жоба жасау – сабыр мен тәртіпті талап етеді. Сол себепті адам жеңіл жолды таңдай береді. Сөйтіп уақыттың қалай өтіп кеткенін аңғармай қалады.
Зерттеулерге сүйенсек, орташа есеппен адам күніне 23 сағатын әлеуметтік желілерге жұмсайды. Кей елдерде бұл көрсеткіш 4 сағатқа дейін жетеді. Ұйқыға шамамен 78 сағат кетеді, тамақтану мен ас әзірлеуге 1,52 сағат жұмсалады, жолға – 12 сағат. Бұған теледидар көру, бейберекет интернет қарау, уайым мен бос қиялды қоссақ, күннің едәуір бөлігі көзге көрінбей тін ұсақтүйекке кетіп жатады. Әрине, ұйқы мен тамақ – физиологиялық қажеттілік. Бірақ ретсіз, шамадан тыс ұйықтау немесе ұзақ уақытты дастархан басында өткізу – өнімділікке зиян. Уайымға келсек, психологтар адамның күніне орта есеппен 4060 минутын мазасыз ойға жұмсайтынын айтады. Оның 80%ы – ешқашан орындалмайтын қорқыныш екен. Демек біз әлі болмаған нәрсе үшін де әлек болып, уақытымызды сарп етеді екенбіз.
Уақытты басқармаса не болады? Біріншіден, адамда созылмалы стресс пайда болады. Бітуі тиіс істер жиналып қалады, дедлайн жақындайды, қысым күшейеді. Екіншіден, өзінөзі бағалау төмендейді. «Мен үлгермеймін», «қолымнан келмейді» деген ой қалыптаса бастайды. Үшіншіден, осының бәрін ескере отырып, өмір сапасы нашарлайды. Иә! Себебі жоспарсыз күн – жел айдаған қаңбақтай өтеді. Бүгін басталмаған іс ертең де басталмайды. Сөйтіп, жылдар сырғып өте береді. «Еріншектің ертеңі бітпейді» демекші, ертеңертең деп жүргенде ертеңнің келмей қалуы мүмкін екенін естен шығармайық.
Тайм-менеджментті қатаң тәртіп екен деп емес, саналы таңдау деп қабылдаңыз. Ол өмірді шектемейді, керісінше, еркіндікке жол ашады. Себебі уақытын игерген адам өз тағдырын да игереді. Ал енді соған жетелейтін нақты қадамдарға тоқталайық.
Маңызды және маңызды емес істерді айыру. Күнделікті атқаратын шаруаларды қағазға түсіріп, екі бағанға бөліңіз: «маңызды» және «маңызды емес». Маңызды істер – сіздің ұзақмерзімді мақсатыңызға қызмет ететін, кейінге қалдыруға болмайтын әрекеттер. Мысалы, жұмыс жобасы, оқу, денсаулық, отбасына уақыт бөлу. Маңызды емес – дәл қазір істелмесе де зияны тимейтін дүниелер. Әлеуметтік желі, артық кездесулер, ұсақ-түйек шаруалар. Ең алдымен «маңыздыны» орындаңыз. Қалғанына күш жетсе ғана кірісіңіз.
«Бір істі – бір уақытта» қағидасы. Көп тапсырманы қатар орындау өнімді көрінгенімен, миға ауыр салмақ түсіреді. Нейропсихологтар «мультизадачалықтың» тиімділікті 3040%ға дейін төмендететінін айтады. Бір тапсырманы толық аяқтап барып, келесісіне көшіңіз. Сонда сапа да, жылдамдық та артады.
«Бес минут» ережесі. Егер бір іске зауқыңыз соқпаса, өзіңізге тек бес минут арнауға уәде беріңіз және ол қағиданы өзгертуге тырыспаңыз. Бұл да ерік-жігерді сынаудың һәм оны дұрыс бағытта пайдаланып үйренудің жолы.
Уақытты ұрлайтын әдеттерді қысқарту. Телефонды жұмыс уақытында көзден таса жерге қою, дауысын өшіру, әлеуметтік желіге нақты лимит белгілеу – қарапайым, бірақ тиімді тәсіл. Күніне 3 сағат желіде отырсаңыз, бір жылда шамамен 45 күн уақытыңызды соған жұмсайды екенсіз. Бұл – бір жарым ай уақыт.
Кешкі қорытынды жасау. Ұйықтар алдында 5 минут бөліп, «бүгін не істедім? Не бітпей қалды? Неге?» деп, өзіңізге есеп беріңіз. Бұл – өзін-өзі бақылаудың ең жеңіл жолы.
Демалысты да жоспарлау. Психологияда «қалпына келу уақыты» деген ұғым бар. Егер адам демалмаса, ми өнімділікті төмендетеді. Сондықтан демалысты да маңызды істердің қатарына қосу қажет. Бірақ демалыс – шексіз телефон қарау емес, сапалы тынығу, серуендеу, спортпен шұғылдану, кітап оқу.
Уайым-қайғы мәселесіне келсек, психологтар мазасыз ойлармен күресу дің бір тәсілі – оларды жазып шығу дейді. Қағазға түскен ойдың салмағы азаяды. Оған нақты әрекет жоспарын қоса алсаңыз, уайым уақыт жейтін құбыжық болудан қалады. Әйтпесе адам күніне бір сағат уайымдаса, жылына 365 сағатын – яғни екі аптадан астам уақытын – босқа сарп етеді.
Ұйқы да солай. Ұйқы үшін 78 сағат арнау – қалыпты. Ал 1012 сағат ұйықтау – уақытты ұтымсыз пайдалану. Тамақтану да мәдениетке айналмаса, ұзақ дастархан басы тағы да сағаттарды «жеп» қояды. Әрине, өмір тек өнім діліктен тұрмайды. Бірақ шектен шыққан кез келген әрекет уақыттың қадірін кетіреді.
Тайм-менеджмент – темірдей тәртіп орнату емес, тепетеңдік табу. «Судың да сұрауы бар» демекші, әр минуттың сұрауы бар. Бүгінгі бос кеткен уақыт ертең қайтып келмейді. Сағат тілі кері айналмайды.
Уақытты бағаламау әдетке айналмауы тиіс. Сонда адам үлкен арман дарын «кейінге» қалдырудан тиылады. Ал «кейін» деген күнтізбеде болмайды. Бір күні артына қарап, «қайда асықтым? Неге бастамадым?» деп өкініш жүрекке қаяу салуы мүмкін.
Сондықтан уақытты басқару – бай болудың емес, бақытты болудың жолы. Себебі уақытын игерген адам уайымға емес, әрекетке ден қояды һәм бос сөзге емес, нәтижеге ұмтылады. Күнді жоспарлау арқылы өмірді жоспарлайды.
Уақыт – бізге тең бөлінген жалғыз байлық. Біреу оны мақсатқа жұмсайды, біреу желге ұшырады. Таңдау өз қолымызда. Бүгіннен бастап әр күніңізге есеп беріп көріңіз. Сонда уақыт сізді емес, сіз уақытты басқарасыз.
Қорлан САРЫ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
