Жеті дүркін әлем чемпионы атанған қазақстандық спортшы Англияда қырыққабат теріп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Жібек жолы арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақтаулық Эльдар Ягъяев стрит воркауттан Гиннестің рекордтар кітабына енген. Қазір ол Англияда қырыққабат тереді. Жергілікті жаттығу залында қосымша жұмысы да бар.

«Біз елде бұқаралық спортты дамытқымыз келген. Бірақ жолымыздан кедергі шыға берді. Мысалы, мұнда үш айдың ішінде тракторшы болдым. Ал егер осы елдің азаматы болсаң, мүмкіндіктер көп. Жуырда үшінші рет әлем рекордын орнатып, Гиннес рекордтар кітабына ендім», – дейді Эльдар Ягъяев.

Эльдар үш айда қара жұмысшыдан тракторшыға дейін көтерілген. Айлығы – бір жарым миллион теңге. Англияға қара жұмысқа аттанған қазақстандықтар арасында басқа да жоғары білімді азаматтар көп. 

Ұлттық статистика бюросы маманының айтуынша, шетелге жұмысқа кетіп жатқан қазақстандықтар көбінесе Ресей, Германия, Польша, АҚШ секілді елдерді таңдайды екен. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!