Өткен аптадан бастап, Қазақстанда әлемдегі ең жұқа әрі жеңіл жиналмалы смартфоны HONOR Magic V2-нің сатылымы басталды. Келесі буынның флагмандық жиналмалы смартфоны өзінің форм-факторы, аккумуляторы, дисплейі және қолданушы тәжірибесінің айтарлықтай жақсаруы арқасында сала стандарттарын сынауға дайын.


– Кеше ғана мүмкін емес көрінген жұқалығы мен аса жеңіл корпусы бар бұл талғампаз смартфон HONOR Magic V2-ні табыстауға ризамыз. Жиналған түрінде классикалық смартфондардан еш айырмашылығы жоқ. HONOR Magic V2 пайдаланушыларға озық технологияларды бүгіннен бастап қолдануға мүмкіндік беретін абсолютті әмбебаптықты ұсынады, – деді HONOR компаниясының Қазақстандағы аймақтық директоры Джонибек Вэй.

Миллиметрмен өлшенетін ультра-жұқа дизайн


Портативтілікке ұмтылған HONOR компаниясы HONOR Magic V2 дизайнын, өндіріс үрдісін және материалды таңдауды мұқият қарастырыпты. Салмағы небәрі 231 грамм және бүктелген кезде қалыңдығы 9,9 мм – бұл жиналмалы құрылғылар үшін жаңа стандарттарды белгілейді.
Magic V2 жоғары құрылымдық беріктігін қамтамасыз ететін ультра жеңіл титан топсасымен жабдықталған. Сонымен қатар, HONOR Magic V2-нің негізгі корпусы үшін қосымша беріктікке кепілдік беретін жаңа HONOR меншікті болаты арнайы әзірленген. Осы инновациялардың арқасында HONOR Magic V2 әлемге әйгілі SGS компаниясының беріктік сертификатын алды – 400 мыңнан астам бүктеме немесе күніне 100 рет бүктелгенде он жылға дейін қызмет ету мерзімі бар.

Инновациялық кремний-көміртекті аккумулятор


HONOR Magic V2 орташа қалыңдығы небәрі 2,72 мм болатын қос кремний-көміртекті батареяларды ұсынаған. Инновациялық аккумуляторда жоғары қуат шығаруға арналған HONOR-дың революциялық төмен вольтты энергия жинау технологиясы бар – 5000 мАс батарея сыйымдылығы және 66 Вт HONOR SuperCharge-ды қолдауы пайдаланушыларға қайта зарядтаусыз үнемі байланыста болуға мүмкіндік береді.

HONOR фирмалық экрандары


HONOR Magic V2 пайдаланушының жайлылығын жақсартуға бағытталған технологияларды қамтиды. Жаңа флагманда ерекше түс дәлдігі бар әсерлі жиналмалы OLED дисплейі бар. Табиғи жарықтың қарқынын бақылайтын динамикалық жарықтылықты реттеу мүмкіндігі, бұл көздің шаршауын азайтуға көмектеседі. Дисплейдің жарықтық деңгейі қоршаған ортаның жарық жағдайларына және құрылғыны пайдалану уақытына автоматты түрде бейімделеді, бұл пайдаланушының көзіне оңтайлы жайлылық береді.
Оған қоса, Circadian Night Display функциясы экранды жылы түстерге түрлендіреді, ұйықтар алдында құрылғыны пайдаланған жағдайда мелатонин деңгейін жоғарылатады. Бұл пайдаланушыға тезірек ұйықтауға көмектеседі және ұйқының сапасы мен ұзақтығын жақсартады.

Жаңартылған камера мүмкіндіктері


Құрылғы 50 Мп негізгі камера, 50 Мп ультра кең бұрышты камера және 20 Мп телеобьективті қамтитын үштік камера бар. Бұл жарыққа сезімталдықтың жоғары көрсеткіштері арқылы сапалы фотосуреттер жасауға мүмкіндік береді. Алдыңғы қос камера әр түрлі түсіру режимдерін қолдайды және фотосуреттер мен бейне контент жасауды жеңілдетеді.

Операциялық жүйенің қауіпсіздігі


Android 13 негізіндегі MagicOS 7.2 жүйесінде жұмыс істейді, ол көп функциялы пайдаланушы тәжірибесін ұсынады. Пайдаланушылардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін HONOR Magic V2 жұмыс үшін қажет қосымшаларды жеке қосымшалардан бөлуге мүмкіндік беретін жаңа параллель кеңістік.

HONOR бренді туралы


2013 жылы негізі қаланған HONOR интеллектуалды құрылғылардың әлемдегі жетекші жеткізушісі. Олар жаһандық танымал технологиялық брендке айналып, барлық сценарийлерде, арналарда және барлық адамдар үшін ақылды өмірді қамтамасыз етуге талпынады.
Инновацияларға, сапаға және қызмет көрсетуге стратегиялық түрде назар аудара отырып, HONOR бүкіл әлемдегі адамдарға өздерінің ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері мен перспективті технологияларынан асып түсуге мүмкіндік беретін технологиялар әзірлеумен, сондай-ақ өзінің инновациялық өнімдер портфолиосы арқылы барлық адамдарға арналған жаңа зияткерлік әлем жасаумен айналысады.

Айдар САЙЛАУОВ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!