Ескімен қоштасып, жаңа өмірге, армандарға ұмтылуға себеп болатын жаңа жыл мерекесі – ұлт пен нәсілге бөлінбейтін елеулі мереке. «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» дегендей, әр адам келер жылдан көп үміт күтері анық. Аз күннен соң 2022 жыл есік қағуға дайын. Саналы түрде аяқталатын жылға есеп беріп, өткенді саралаудан бөлек қуанышқа толы мерекені қарсы алудың да өзіндік машақаты бар. Жақын адамдарға сыйлық дайындау, мерекелік дастархан, ең бастысы – жақсы көңіл-күй. Осы орайда қазақстандықтардың жаңа жылды қарсы алуы қаншаға түсетінін шамалап көрген едік.

Дастарханның дәмі

Мән берсек, жалғызбасты немесе отбасылы адам үшін мерекені тойлауда басты мәселе қаражатқа тіреледі. Туған-туыс, дос-жаран, бала-шағаға сыйлық алудан бастап, мол дастархан жаю, әдемі киім алу сынды қажеттіліктер өзге де шығындармен жалғасады. Қалтадағы ақшаны қайда жеткізерін білмеген халық осындайда қиналатыны рас. Бұған күн санап өсіп жатқан тауар бағасы да маңызды себеп. Ең алдымен жаңа жылдық дастарханның құнын шығарып көрейік. Бұл ретте азық-түлік пен күнделікті тұтынатын өнімдердің бағасына баса назар аударамыз. «Жаңа жыл қарсаңында Galymzhan жүйесі жинаған деректер базасында жаңа жылдық үстелдің құны бағаланды. Іріктемеге аталған жүйеде бар қалалар енгізілді, ал жаңажылдық мәзір сараптамалық түрде жасалды. Жаңажылдық үстелдің құны Қазақстан бойынша үйдегі адамдардың орташа санын – төрт адамды ескере отырып есептелді», – делінген Ұлттық Банктің 2020 жылғы баяндамасында. Яғни, орташа есеппен жаңа жылдық үстелдің құны 21 108 теңгені құрайды. Сонымен дастарханның бас мәзірі – ет, оның құрамына кіретін қазының 1 келісі 3300 теңгеге бағаланып отыр. Әдетте бір қазының 1 келіден сәл асатынын ескеру керек. Жылқы еті – 3500 теңге. Ет тамақтың нанына қажетті 2 келілік ұнның бағасы – 540 теңге. Ал дастархан мәзіріне картоп пен еттен басқа «оливье» салаты да қажет. Оның құрамына кіретін пісірілген шұжық 0,5 келісі – 950 теңге болса, майонез – 240, маринадталған қияр – 670, консервіленген бұршақ – 314 теңгеге түседі. Бұлар – жаңажылдық дастарханның міндетті мәзірі. Әрі қарай жеміспен, тәттілермен әрлеу үй иесіне байланысты.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1% төмендеді. Яғни республика бойынша көкөніс бағасы арзандауда. Ал өзге өнімдердің бағалары тұрақты-мыс. 10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы тауық жұмыртқасының бағасын 16 процентке төмендетіп, бір данасын 37 теңгеден 31 теңгеге түсірген. «Жаңа жыл дастарханы қалтаға ауырлық түсірмеуі үшін бұл іске ойланып кіріссеңіз, қажетсіз азық-түлік сатып алмайсыз. Көп ингредиенті бар тағам түрлерін бірнеше рет қарастыру керек. Себебі олар құрамы бойынша ұқсауы мүмкін. Бөлек-бөлек азық-түлік алғанша бір ингредиентті екі тағамға да пайдалансаңыз, тиімді болады. Тағамды дәмдірек қылу үшін міндетті түрде біраз қоспаның орнына қарапайым әрі жаңа соус қосып та түрлендірсеңіз, өкінбейсіз. Қосымша гарнир жасасаңыз немесе астың безендірілуіне көңіл бөлсеңіз, шығынды азайтуға болады», — дейді аспаз Артур Байтеев.

Премьер-Министр әлеуметтік маңызы бар, күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету жұмысын одан әрі жалғастыруды тапсырған болатын. Бұл «берсе қолынан» дейтін саудагерлер үшін ескерерлік жайт болғанымен, бағаның жергілікті базарларда қымбаттамасына кім кепіл?! Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметіне қарағанда  кейінгі аптада бағаны негізсіз көтерудің 75 фактісі тіркелген. Осы орайда базар бағасының тұрақталуы – қарапайым халық, тұтынушы көңіліне қуаныш.

Сыйлықтың жөні бір басқа

Сыйлық дайындау үшін мерекенің келіп жеткен уақытын күтудің қажеті жоқ. Оны жаңа жылға дейін, алдын ала даярлаған жөн. Көп адам мұндай жағдайда кімге не сыйлаймын деп дағдарып қалуы мүмкін. Осы орайда сыйлық ретінде ұсынуға әдемі, құнды заттардың тізімін ұсынамыз.

Зергерлік бұйымдар әрқашан бағалы. Тастармен безендірілген бұйымдарды жұлдыз жорамалы белгісімен және есімімен үйлесімділігін ескере отырып, көздің, шаштың түсіне қарай таңдауға болады.

Сертификат – жаңа жылдық сыйдың ішіндегі классика. Жақыныңызға косметика мен парфюмерия, аксессуар, киім, аяқ киім, тіпті, сұлулық салоны мен массаж қабылдау, емделуге арнайы сертификат бере аласыз. Бұл жағдайда адам қалаған нәрсені өзі таңдайды.

Сыйлас­тық пен нәзік қарым-қаты­насты ұста­натындар үшін әтір де таптырмас сыйлық. Себебі бір ғана хош иіс жыл бойы жаңа­жылдық мерекені, сол адамды еске түсіріп, көңілге жылу ұялатуы мүмкін. Тек таңдау жасарда абай болыңыз.

Статистикаға сәйкес, ерлер таңдайтын ең танымал сыйлық – киім. Мұндай сыйлық ер адамға жарын жақсы білгенде, танығанда және заттың стиліне сәйкес келіп, оған ұнайтынына сенімді болған кезде ғана орынды. Басқа жағдай­ларда мұндай тәуекелге бару жаңа­жылдық

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!