KAZINFORM – Әлемдегі ең кішкентай саябақ Токио маңында орналасқан. Оның ауданы небәрі 0,24 шаршы метрді құрайды – бұл шамамен екі А3 қағаз парағының өлшемі.
Аталған фактіні Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері растады. Саябақ 1988 жылы ашылған.
Ерекше идея АҚШ-қа сапарында сол кездегі Орегон штатындағы ең кішкентай саябақ Mill Ends-ті көріп, өз қаласында жаңа рекорд орнатуға шешім қабылдаған жергілікті тұрғынға тиесілі.

Саябақ аумағы бұрын бос кеңістік болған жолдардың қиылысында орналасқан. Қазір онда бір адамға арналған шағын орындық, кішкене ғана шөп пен кіреберіс алаңы бар.


Бұл жер суретке түсуді ұнататын туристер арасында танымал. Ол 2024 жылдың 25 желтоқсанында қалалық саябақ ресми мәртебесін алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!