Испан ғалымы Алекса Гомес Марин клиникалық өлімді бастан өткеріп, сол сәтте көрген әсерлерімен бөлісті. Мариннің айтуынша, ол көргендері “шын өмірден де шынайы” болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Daily Mirror басылымының жазуынша, теориялық физика ғылымының кандидаты әрі биофизика магистрі жеті секундтық жүрек соғысы тоқтаған сәтінде өзін терең құдыққа ұқсайтын кеңістікте көрген. Сол жерде оны алтын түстес жарықтың ішінде тұрған үш бейне қарсы алыпты.
Мен туннельдемін, бірақ ол, шын мәнінде, құдық сияқты. Басымды көтеріп қарасам, жоғарыда үш бейне тұр, – дейді ғалым.
Мариннің сөзінше, сол “жарықтағы жандар” оған таңдау ұсынған — өмірге қайта оралу немесе басқа әлемге өту. Ақырында ол жер бетіне қайтуды шешкен, себебі артында кішкентай қыздары қалған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!