Фото: akorda.kz
23 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда мәліметінше, Президент Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды.
Сыйлықтың лауреаттары:
- ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;
- жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;
- авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;
- суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!