Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына орай, «Ғасырлар толқынының дарабоздары» шарасының аясында Ә.Нұрпейісов атындағы әдебиет үйінде «Әлем таныған Әбе» салтанатының ашылуы өтті.

Салтанатты шара аясында «Теңіз өмір арнасы» атты аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қойылымы болды.

Қасиетті Сыр өңірінде дүниеге келіп,бүкіл ғұмырын ұлтымыздың рухани кемелденуіне және қазақстандықтардың шығармашылық мүмкіндігін әлемдік әдеби аренада танытуға арнаған қайраткер Ә.Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы туралы жүргізушілер жан-жақты мәлімет беріп, шараның ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов сөз сөйледі.

«Әлем таныған Әбе»

Шын мәнінде сөз өнерінің әкесі болған Әбеңнің рухына жасалып жатқан құрмет – ұрпақтың рухани қазынасын молайта түсудің бір жолы. Қорыта келсек, «Қазақ әдебиетінің қара нары» Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жасмерейтойы, жалғыз Сіз бен біздің емес,бүкіл қазақ халқының, қала берді қазақ әдебиетінің тойы.

Ұлысқа игілік болатын игі ізін қалдырып, ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайында кеңінен танысу мақсатында қонақтар Ә.Нұрпейісов атындағы әдебиет үйімен танысты.

«Әлем таныған Әбе»

Мұнда Әбе болмысын аша түсетін рухани құнды қазыналар жинақталған. Түрлі тарихи суреттер мен қолжазбалар, Әбенің өзі тұтынған заттары мен сан алуан экспонаттар жиынтығы және классик жазушының өз қолымен қайта өңдеген кітабы қонақтарға ең құнды жәдігер ретінде таныстырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!