Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев еңбек ардагері, салық қызметінің үздігі Дайрабай Ысқақовты 75 жасқа толуына орай құттықтап, «Қызылорда облысының Құрмет грамотасын» табыстады.
«Дайрабай Ысқақұлы, Сізді Сыр жұртшылығы атынан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сыр өңірінің дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға, қаржы, салық салаларының дамуына жоғары дәрежеде қызмет еттіңіз. Бұл еңбегіңізді Сыр жұртшылығы жақсы біледі және ерекше құрметтейді. Сіздің өмірлік тәжірибеңіз бен ақыл-кеңесіңіз өскелең ұрпақ үшін айнымас темір қазық. Сізді өз атымнан және облыс тұрғындары атынан тағы да құттықтап, шынайы алғысымды білдіремін. Ұзақ өмір, зор денсаулық, отбасыңызға баянды бақыт, әулетіңізге амандық тілейміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Басқосуда үзеңгілес әріптестері Дайрабай Ысқақовтың еңбек жолынан естеліктер айтып, игі тілегін арнады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!