Жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша түсірілген «Қазақ елі» жобасының алғашқы бөлімі – «Алмас қылыш» фильмі «Жастар орталығы» ғимаратында көрсетілді.
Рүстем Әбдіраштің режиссерлығымен түсірілген фильмнің орталық ғимаратында көрсетілуіне Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы «Рухани жаңғыру» орталығы мен Қызылорда облысының мәдениет басқармасының «Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы» қолдау білдірді.
Тарихи киноны тамашалауға қала тұрғындарымен қатар орталық мамандары да қатысты. Фильм қойылар алдында «Рухани жаңғыру» орталығы директорының орынбасары Сәулет Сахиев фильм мазмұнына тоқталып, көрермендердің фильмнен әдемі әсер алуына тілектестік білдірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!