Әрдайым халықтың үдесі мен мемлекеттің мүддесін биік қоя білген дәрежелі дарабоздың құрметіне шымылдық түрген шаралар легі «Қуатты қалам иесі» атты парасатты поэзия кешіне ұласты.

Кешті ақын, тележурналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Шакизада Әбдікәрімов жүргізіп, танымдық шараға асыға келген жұртшылыққа дарабоз тұлғаның құрметіне арналған кешті сырлы сөзбен сабақтады.

Көпшілікке рухани ләззат сыйлаған поэзия кешінің шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, ТҮРКСОЙ жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет түріп, өзінің жүрегінен шыққан отты өлеңдерін ойлы оқырманға тарту етті.

Бұл кештің көркін қыздырып, сырлы сөзді ойнақшыту арқылы озық ойлы оқырман қауымның оясынан шығып жүрген ізбасар азаматтардың қатарында жазушы, ақын Мырзан Кенжебай, «Таң-Шолпан» әдеби-көркем, бұқаралық журналының бас редакторы Нұрлыбек Сафин, ақын Толыбай Абылаев, Дүйсенбек Аяшұлы, ақын, режиссер-сценарист, ҚР Мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов және талантымен талайды таңдай қақтырған ақындар Оңталап Базарәлі, Ақжол Түменбай және аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы Айдар Сайлауов бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!