Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен Ауғанстан аймағынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай жиын өтті.
1979 жыл 25 желтоқсан және 1989 жыл 15 ақпан. Бұл екі даталы күн естен кетпейтін тарихта ізі қалған жылдар мен күндер. 1979 жыл 25 желтоқсан – Ауғанстан жеріне Кеңес Одағы жауынгерлерінің жіберілген күні. 1989 жылдың 15 ақпаны – Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күні.
Қазіргі таңда Полиция департаментінде 1 Ауған соғысының ардагері қызмет атқарса, 19 ардагер ішкі істер органындарынан зейнетке шыққан. Олар Жарас Оспанов, Мейрамбек Байтлеуов, Нұрсұлтан Ибадуллаев, Асқар Ерманов, Мұрат Тасанов, Серикбай Есмаханов, Батырхан Жорықбаев, Марат Мұратбаев, Қуанышбек Сыздықов, Рашид Жүсүпов, Сабыр Саменов, Серік Шабдаров, Сәбит Тәжіғұлов. Шара барысында Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Амиржан Утегенов Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі бүгінгі жастарға мықты тәлім болатынын айта кетіп, мұндай кездесулердің жас қызметкерлерді тәрбиелеуде негіз болатынын білдірді.
«15 ақпан Ауғанстан аймағынан Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 34 жыл» толуына орай және еліміздің амандығын, тыныштығын қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін Ауған соғысының ардагерлері Қызылорда облысы Полиция департаментінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!