Тәуелсіз ел болу бабалар арманы, ал қазақ жері − бабалардан қалған аманат. Биыл Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толғалы отыр.
Осыған орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Мақала халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді, халықтан қолдау тапты. Мақаланың әр айдары оқыған оқырманға, тыңдаған тыңдарманға ой салып, тарихтан тағылым алуға, келешекке жарқын сеніммен қарауға, болашақтағы бағыт-бағдарын айқындауға, алдағы игі істерге ұмтылуға шақырады.
«Қоғам мен құндылық» айдарындағы қазақ үшін тоқымдай жер қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын. Біз соны бағалай білеміз бе? «Жер қадірін білу жалған ұранымен өлшенбейді» делінген. Бабалар аманаттаған жерді табиғат байлығын сақтау, таза ұстау − әрбір азаматтың парызы.
Г. ПІРІМЖАНОВА,
ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкері
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!