Биыл – «Балалар әдебиеті» жылы. Балалар әдебиеті – ұлттық мәдениетті сақтаудың, ана тіліміздің байлығын арттырудың таптырмас құралы. Бұл тақырыпты тереңінен тартып жүргендер бар. Бірақ жастар арасында насихат әлі де аз, қалам тербеп жүргені некен-саяқ. Алайда кезекті газет оқырманы, ең жас авторымыз осының орнын толтыруды мақсат етеді екен. Сіз де енді ғана шығармашылыққа қадам бассам деген жастың жазғанына үңіліп көріңіз…

Асыл дос

Қиындықта қалдырмай,

Әрқашанда жаныңда.

Досың барда қамықпа,

Сүрінбейсің, қалықта.

Асыл дос, жақын дос

Аман болшы, гүлдей түс.

Үстем болып мерейің,

Сәтті өтсін әр таңың!

Сырыңды айтып бөлісіп,

Хал сұрасып, білісіп,

Көріспесең сағынып

Уайымдаймын көрмесем,

бір өзіңді алаңдап.

Сезім САҒАТБЕК,

С.Әлжіков атындағы №144 қазақ орта мектебінің  4-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!