Қазіргі уақыттың заманауи қарқыны кімді де болсын таңқалдырары анық. Күнделікті күйбең тіршілік ақпараттың көптігі, талаптың жоғарылығы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда қиындау. Әр сала мамандарының көп жерде айтаныны бір арнаға саяды: таңды қалай қарсы алсаңыз, күніңіз солай өтеді. Ендеше бақытты болудың қарапайым да, тиімді тәсілдерімен таныс болыңыздар.
• Таңертең кем дегенде 5 минут жаттығу жасау. Әсіресе, пайдалы деп көбі йоганы атап жатады.
• Бірнеше себебі бар: физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан кез келген адам жасай алады, көңіл күйді көтереді, метоболизмді жақсартады, ағзаны тазалайды.
•Келесі кеңес – ішкен ас, жеген тамағыңызға мән беріңіз.
•Таңертеңгілік уақытта оның маңызы ерекше. «Таңғы асыңды өзің іш, түскі асыңды досыңмен бөліс, кешкісін жауыңа бер» нақылы соның дәлелі.
•Түнгі ұйқы кезінде адам ағзасындағы зат алмасу 5% төмендейді екен. Таңғы ас оны жылдамдатады.
Пайдалы ас – иммунитеттің ғана емес, энергияның да қайнар көзі. Денеңізді шымыр етіп, бет-келбетіңізді жақсартатыны анық. Оның үстіне, ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, таңғы асты ішпейтіндер артық салмақты тез жинайды екен.
Жаттығу жасап, таңғы ас ішкеннен кейінгі тағы бір маңызды нәрсе – жаңа ақпаратпен танысу. Миды жұмыс істету, жаттығу жасатуға саяды.
•Таңертеңгілік ағзаның ас қорыту ғана емес, мидың да ақпарат қорыту жүйесі де қарқынды жұмыс істейді екен. Ғалымдардың сөзінше, күніне бар болғаны 10-15 минут танымдық ақпаратқа мән берген адамның ми жұмысының жылдамдығы артады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!