Ол облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген.

Танымал ақын, журналист Серік Қалиев қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Күйеу балам Аллаға аттанды. Тақуалық әндерің мен игі істерің қабірге дейін серік болсын. Отбасыңа, туған-туыстарыңа, дос-жарандарыңа Алла Тағала сабыр берсін. Алла ақыреттегі сауабың мен мәртебеңді арттырып, күнәларыңды кешіресін. Біз Алла Тағаладан келдік, оған қайтамыз», – деп жазды Бекен Қайратұлы.

Серік Қалиев – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында туған. Айтыскер ақын.

1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген.

Өлеңдері 1987 жылы жас ақындардың «Қарлығаш» ұжымдық жинағына («Жалын» ) енген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!