Фото: YouTube / AUEZOV THEATRE
Бүгін ақын, драматург ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты Иран-Ғайыптың туған күні, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақын Иран-Ғайып 1947 жылы 7 маусымда Қызылорда облысында туған. Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін, Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген. Әр жылдары «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялық-репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды. Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді.
1990 жылы үш томдық, ал 2006 жылы 13 томдық таңдамалы жыр жинақтары шықты. 2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Иран-Ғайып Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш өткен жазба ақындар жыр-мүшәйрасының бас жүлдегері болған.
Кейін қазақ халқының драмалық-поэзия қорына рухани асыл қазына болып қосылған «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары», «Желжуан», «Құдай қарғағандар», «Жамбылдың қызыл жолбарысы», «Негізгі шаруа», «Қанына тартқан қыңырлар», «Алтын адам», «Алтын ажал», «Киелі күнә», «Хан–Абылай–Сабалақ», «Жәбек-шаған», «Гүл-Нәр», «Театр Романы», «Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы», «Махамбет», «Қашғария», «Былыққа батқан қала», «Керкеткен» атты драмалық дастандарын жазды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!